Қызбел қиясында – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Қызбел қиясында» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2461
Қойынынан шығады,
Асыр салып мың бұлақ.
Қыземшекті шыңдары,
Көрінеді бұлдырап.
Жатыр жанды әлдилеп,
Қызбел десе, Қызбелдей.
Бір сұлу қыз би билеп,
Сахарада жүзгендей.
1945


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері