Уақыттың шәлісін жамылып қаралы – Тоқтарәлі Таңжарық

Бұл бетте «Уақыттың шәлісін жамылып қаралы» атты Тоқтарәлі Таңжарық жазған жоқтау өлең берілген.

  • 14.09.2021
  • 0
  • 0
  • 555
Уақыттың шәлісін жамылып қаралы,
Басыңнан бір күн аунады ма ақыр?
Қып-қызыл қанға боялып тамағы,
Батыстың баба таулары жатыр.
Ұқсай ма айтшы бүгінің кешемен,
Жазмыштың жүрміз алдында жүгініп.
Қайыршылар дел-сал қаңғырған көшемен,
Көлеңкелер әне келеді жүгіріп.
Терезеңе сенің іңір қонақтап,
Күдіктер бүркеп көңілдің көзін.
Жарық сәулені сімірген аппақ,
Қараңғыдан оянған өмірдің өзі.
Кеш кірді солай,
Естеліктер ескірді,
Алыптар жазған хатқа сенейік:
«Беймезгіл үптетіп бесенесіз бес күнді,
Аналардың барады ақ шашы көбейіп!»
Кеудеңді сосын жаулайды сенің
Бір сұмдық үрей.
Лағылдар ішінде лаулайды сезім,
Дауылдар ұшырып күлкіңді дүлей.
...Кім білсін бүгін таңдана бірден,
Ес-түссіз елжіреп құшамын ба бақыт!?
Айғақ сырларын Ай ғана білген,
Қараңғы түннің құшағында жатып!!!

2003 ж.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері