Бата алмай, айта алмай ойыңды – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Бата алмай, айта алмай ойыңды» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 04.08.2021
  • 0
  • 0
  • 860
Бата алмай, айта алмай ойыңды,
Мұрныңның астынан міңгірлеп.
Кеулеген ызамен бойыңды
Күпіндің әркімді бір күндеп.
Аяйды-ау қалпыңды көрген көз,
Сөзінде түйін жоқ жалған көп.
Далаға бет алды ерген сөз –
Кезеніп, атылмай қалған оқ.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері