Өзі жайлы ойланғасын туғалы
- 0
- 0
Өзі жайлы ойланғасын туғалы
Өлең жолы болғандықтан қуғаны,
Өмір жайлы ойламайтын ақын аз,
Ойламайтын өлімі де туралы.
Бұл бетте «Бай деген кім?» атты Гүлмекен Қасенбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Өзі жайлы ойланғасын туғалы
Өлең жолы болғандықтан қуғаны,
Өмір жайлы ойламайтын ақын аз,
Ойламайтын өлімі де туралы.
Айтқызбай қоймады ғой мұны ұятым,
Күште жоқ сыр бүгіп қап, жымиятын.
Жаным, сен–ақ кітапсың екі мың жыл
Толғанып тудыра алған Дүние – ақын.
Қара алмас көзді қасың да керік,
Қадалмас саған жан қайда?!
«Хамсадан» біздің ғасырға келіп
Қалып ең қалай паң Ләйлә?!
Бастан өткен ғажайып сәт көбі ұмыт!..
Жан кіретін кез қайда екен бақтарға.
Ауызыңнан алқызыл гүл төгіліп,
Анадайдан өзің келе жатқанда?!
«Ләйләң қайда?» - деді маған күліп күн,
«Ләйләң қайда?» - деді маған күліп түн.
Дүниенің көріп жүрген күллі елін
Көрдім маған күннің қатты күлгенін...
Ғажайып сәттің туарын сезіп те керім,
Күн мінез Ләйлә күлімдеп кезіккен едің..
Ерке жүректі, ер кеуде, ессіз құсыңның
Естімедің бе: «Ләй-лә», - деп...
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі