Талан – Кеңшілік Мырзабеков

Бұл бетте «Талан» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.08.2020
  • 0
  • 0
  • 943
Машинасы, тракторы жоқ тегі,
Біздің ауыл темір жолдан шеткері.
Біз көрген зат қарт ұстаның көрігі,
Төрт кластық алыс ауыл мектебі.
Дүние – жұмбақ, біз әлі де баламыз,
Дүние бізге әлі ертек, әлі аңыз.
Шал-шауқан сау, әйелдер сау, кемтар боп
Ал соғыстан қайтқан әке, ағамыз.
Соғыс дейді, айтпайды ғой ел текке,
Еріккеннен қан төге ме ер текке.
Неге бұлар сап-сау болып келмеген
Ертөстіктей біз естіген ертекте.
Жауды жеңсін.
Біз жеңісті қалаймыз,
«Жар астында жау» десе, жалт қараймыз.
Жауыздықтың білмей жатып не екенін,
Сол бір сөзге елеңдедік талай біз.
Ұлы өмірдің әліппесін замана,
Жаңа ұсынған бәрі жұмбақ санаға.
Мектеп барды тың көтерген жылы сол
Соғыс біткен жылы туған бала да..
...Сол ауылға темір жолдан шеткері,
Темір тұлпар лек-лек жеткені.
Қазақ жері тың көтерген құтты жыл –
Мың тоғыз жүз елу төрттің көктемі.
Тың көтерген жылы біздің санаға
Сәуле шаша бастады ғой замана.
Тумай жатып ғасырдың қос бақыты
Тап келген біз таландымыз, талан, ә!.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Талан өлеңінің авторы кім?

Кеңшілік Мырзабеков — осы өлеңнің авторы.

Талан өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Талан өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кеңшілік Мырзабеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Талан өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері