Қоштасу – Тоқтарәлі Таңжарық

Бұл бетте «Қоштасу» атты Тоқтарәлі Таңжарық жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 13.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1262
Самарқау күздің бір түні,
Жан-жаққа шашқан ай нұрын.
Бәрінің кеткен сүлкіні,
Бейнесі бар қайғының.
Тұрмын іштей өкініп,
Бізден бақыт үріккендей.
Екеумізді екі үміт,
Жетелейді күш бермей.
Айдың нұры шашылған,
Түнгі аспанға қарадым.
Сен кеткенде қасымнан,
Жасқа толды жанарым.
Жалғыз қалып барамын,
Қарамадың сен елеп.
Сенсіз маған қарағым,
Мына өмір не керек.
Жалғыз тұрдым оңаша,
Ойлар қамап керемет:
«Күннің нұры болмаса,
Ай болғаны не керек?»

1997 ж.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері