Бір қарлығаш – Кеңшілік Мырзабеков

Бұл бетте «Бір қарлығаш» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 02.09.2020
  • 0
  • 0
  • 1606
Бір қарлығаш қонды кеп,
Тереземнің түбіне.
Неге жалғыз қалды деп
Жаутаңдаймен түріне.
Қанатыңмен су сеуіп,
Қайырымсыздық көрдің бе?
Іздей-іздей бір серік,
Ізін тауып келдің бе?!
Қабақтағы неткен мұң,
Жанардағы неткен наз?
Иә, бәсе, өткен күн
Мұң ба бәлем, өткен жаз?
Кел, кіре ғой бөлмеме,
Қорықпа мұңнан, мұңдаспыз.
Құс секілді пенде де,
Жалғыз жүрмей тұрмаспыз.
Жалғыз кейде қалғанда
Жабырқама, торықпа!
Жалғыздар көп жалғанда,
Жамандықтан деп ұқпа.
Кел, кіре ғой бөлмеме,
Дедім ойым дөп түсіп.
Қанатты құс пенде ме,
Лып етті де, кетті ұшып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері