Балғын көл-ді – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Балғын көл-ді» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 27.03.2020
  • 0
  • 0
  • 1497
Есігімнің алдында Балғын көл-ді,
Балғын көлдің балығын алғым келді.
Кішкентайдан бірге өскен қыз Дариға,
Аттандырған жерінде қалғым келді.

Қайырмасы:
Ойпырмай, қарағым,
Күйіп-жанып барамын!

Алтын, күміс жарқырап тағынғаның,
Кәне сенің, Дариға, сағынғаның?
Түн ұйқымды төрт бөліп келгенімде,
Келмей қалып уәдеңе не қылғаның?

Қайырмасы:
Ойпырмай, қарағым,
Күйіп-жанып барамын!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері