Ұнатып едім – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Ұнатып едім» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 04.08.2021
  • 0
  • 0
  • 756
Мен сені ұнатып едім,
Ең биік мұратым едің.
Сол сырды мен білдіре алмай,
Сен сезбей тұратын едің.
Құрбымнан көз алмайтынсың,
Мәніңді ұғатын едім.
Онымен киноға кетіп,
Сан кештер жылатып едің.
Уақыт зымырап етті,
Кеп арман қош айтты, кетті...
Көл көңіл толқып, басылып,
Салмақты сабыр кеп жетті.
Бүгін кеп ақтарылдың,
Өзіңді шақ таныдым.
Сен сөйлеп, мен ойлап тұрмын:
«Не күйде қалдырдың екен,
Құрбанын қақпаныңның...».


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері