Өмірімді қияр едім – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Өмірімді қияр едім» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 26.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1091
Ұсынар ем жүрегімді мен саған,
Оты сөнген сорлы жүрек мұп­мұздай.
Көңіл түбі жарық сәуле аңсаған,
Қара түнде үңірейген тік құздай.
Өмірімді қияр едім көз жұмып,
Қысқа өмірдің жетер жері қалды аз­ақ.
Қурап­солған үмітімді сөз қылып,
Көрінгенге болып қайтем мен мазақ?
Екі басқа әйел мұңы, ер мұңы,
Бастан кешкен оның жайын сұрамас.
Ыстық сезім шарпуына ендігі
Көп өртенген менің жаным шыдамас...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері