Айхай, заман! – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Айхай, заман!» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 26.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1820
Сағымдай сан құбылған, айхай, Заман,
Сиқырлы қызығыңа жан тоймаған.
Өзіңе мұң шағамын оңашада,
Абыздай күңіреніп ой толғаған.
Теңіздей арпалысқан, айхай, Заман,
Кеме жоқ толқыныңда шайқалмаған.
Түбіңді тостағандай төңкерсем де,
Сынаптай сырың көп­ау байқалмаған.
Баянсыз көшкен бұлттай, айхай, Заман,
Жетер ме даусым саған айқайлаған?!
Жаңғыртып кең даланы шырқасам да,
Ішімде арман қанша айта алмаған!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері