Өртенетін жүрек өкінді дедім – Әбілда Аймақ

Бұл бетте «Өртенетін жүрек өкінді дедім» атты Әбілда Аймақ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 13.04.2021
  • 0
  • 0
  • 767
Өртенетін жүрек өкінді дедім,
Жылытпайды менің бетімді лебің.
Өзіңді ойлап қаншама шаршағаныммен,
Майсыз қалған шырақ секілді едім.
Сонда дағы үміт үзбейді, жаным,
Келте өмір мынау іздейді бәрін.
Өзің мені ойлап жүрмегеннен соң,
Күдеріңді енді үз дейді, мәлім.
Күшейтеді тағы да күдікті елесің,
Әлпетіме менің күліп келесің.
Құсалықтан күйіп бара жатырмын,
Өміріміз тіпті бірікпегесін.
Қуарсам да қанша елемейсің сен,
Өзің сүйген жанға теңемейсің сен.
Өлең жаздым бүгін жолыңа қарап:
«Оралмай бір кеткен кемедейсің сен...»


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері