Көргенде сені – Әбілда Аймақ

Бұл бетте «Көргенде сені» атты Әбілда Аймақ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 13.04.2021
  • 0
  • 0
  • 1618
Көргенде сені:
Шүрегей сезім дүр етті.
Елең еткізіп жүректі,
Сол сезім кенет көл етті
Тамшыдай уыз тілекті.
Көргенде сені:
Шешімге келіп тұрақты,
Бәйшешек арман гүл атты.
Еселеп алдым еріксіз
Есебі көптеу сұрақты.
Көргенде сені:
Бұйығы көңіл серпілді,
Қиялға балап көркіңді,
Емдеуге тегі келмейтін
Жасыра алмадым дертімді.
Кетерде өзің:
Айрылғым келмей бал күннен,
Осынау ессіз қалпыммен
Іздейтінімді сездім мен.
Әр таңнан,
Сені әр күннен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері