Қан – Ырысбек Дәбей

Бұл бетте «Қан» атты Ырысбек Дәбей жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 10.08.2021
  • 0
  • 0
  • 748
(Қ. Аманжолұлына)

Борбай еті борша боп
боздай көшкен ел едік,
Жылай-жылай нұры да
тайған жәутең көз едік.
«Қарным ашып»,
қабырғам қайысқанда Құдай-ау,
Арса-арса арқа етті жемегенім жөн еді...
Білер дейсің кім оны?..
Қанда кеткен қарғысты,
Тұңғиыққа тартады-ау
таңдайдағы «дәм» күшті...
Жиырма жыл ойнадым
қос қолымды көтеріп:
«Ұшты, ұшты, арба ұшты,
ұшты, ұшты, арба ұшты»...
Сол көтерген қолымның
қан саулайды сыртынан,
Бір үрейлі түс көріп
жатқандай-ақ бұлқынам...
«Қасым бала не білер» деп
көсілген көкемнің,
Қан көремін, о, тоба,
қан көремін ұртынан...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері