Ашу – Айтқали Нәріков‎

Бұл бетте «Ашу» атты Айтқали Нәріков‎ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 27.11.2015
  • 0
  • 0
  • 4800
Ашу жолдас болмайды қызба адамға,
Басылса да бармай-ақ жүз қадамға.
Бет жыртысқан досыңды еске аласың,
Бас ауырып, балтырың сыздағанда.
Жайшылықта соны біз сеземіз бе,
Ашу қысса, ақылдан беземіз де.
Сосын, сосын қайтадан достықты сол,
Айлар бойы жүреміз кезек іздеп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері