Суретке қарап – Әбілда Аймақ

Бұл бетте «Суретке қарап» атты Әбілда Аймақ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 13.04.2021
  • 0
  • 0
  • 1216
Сен екеуің бақытты-ақ шығарсыңдар,
Көпшілікке көз құрт боп ұнарсыңдар.
Алтын сәуле аймалап жүздеріңді,
Махаббаттың мәнін де ұғарсыңдар.
Кім түсінер сендерді менен бөлек,
Сендерменен қосылар денемдегі от.
Дәл екеуің секілді мына біздер,
Табынамыз беріліп өлеңге көп.
Біз туралы шынында ел не демек,
Ағайындар тым бөлек дөңгелемек.
Махаббаттың заңымен жүрсем дейтін,
Ұрынармыз салт құрған кермеге кеп.
Сен екеуің бақытты-ақ шығарсыңдар,
Көрген жанға алыстан ұнарсыңдар.
Махаббатым үшін мен шейіт кетсем,
Адам емес, тек сендер ұғарсыңдар!
Сендер шын-ақ бақытты екенсіңдер,
Бірақ, біздің әлемге бөтенсіңдер.
Біз ұққанмен сендерді, түсінгенмен,
Тірілерді ұға алмай өтерсіңдер.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері