Жаз – Ақбота Бейбітбек

Бұл бетте «Жаз» атты Ақбота Бейбітбек жазған табиғат туралы өлең берілген.

  • kmm
  • 05.12.2022
  • 0
  • 0
  • 1257
Маусым — ерке,
Шілде — қырсық,
Тамыз — тұйық,
Мендегі мінездің бұл– жиынтығы,
Тіл табысамыз, жоқ қой қиын түгi.

Жаз жасыруды білмейді,
асығуды білмейді,
басынуды білмейді,
Өтірік күлмейді.

Жаз– ыстық,
Ыстықты құштық.
Өзіме ұнайды осы бір Үштік.

Саған жақсы жаңалығым бар:
бүгін—жаз,
ертең—жаз,
бір айдан соң да–жаз.
Менің жазым—Сен!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері