Ғасыр үні

Бұл бетте «Ғасыр үні» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.11.2020
  • 0
  • 0
  • 2517
Әр сөзінен аңқыған ғасыр сыры,
Қоңыр қобыз жан қозғар ашылды ірі.
Соңғы хабар соғыстан әкелгенде,
Әнуарбектің әлемге шашылды үні.
Естіді оны ойдағы ел, еңісте де,
Жетті ызғары, дос түгіл, неміске де.
Қолбасшыдай қаһарман дабылымен
Дүбірлі той жеткізді жеңіске де.
Құрманғазы күйіндей күмбірі бар,
Күләш апай әніндей сыңғыры бар.
Бауыржандай саңқ етер асқақ, әккі,
Әнуарбектің даусының мың қыры бар.
Радио торабы қалған байып,
Шежіресіне қалайша жалғанбайық?
Соғыс жүріп жатқандай шошып кетем,
Соңғы хабар оқыса Байжанбаев.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ғасыр үні өлеңінің авторы кім?

Кәкімбек Салықов — осы өлеңнің авторы.

Ғасыр үні өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ғасыр үні өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кәкімбек Салықов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ғасыр үні өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері