Ағаш боп неге жаралмадым мен – Әбілда Аймақ

Бұл бетте «Ағаш боп неге жаралмадым мен» атты Әбілда Аймақ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 13.04.2021
  • 0
  • 0
  • 829
Ағаш боп неге жаралмадым мен,
Пана боп саған тұратын.
Құс болып неге оралмадым мен,
Көктемде сауық құратын.
Бұлт боп неге жаппадым көкті,
Жаңбырын саған төгетін.
Жарқылдап жарар шақпағым көкті,
Кеудеңді сенің сөгетін.
Өзен боп неге ақпадым екен,
Жетелер еді ағысым.
Самал боп неге соқпадым екен,
Шайқалтып жүрек қамысын.
Терек боп неге сыбырламадым,
Қиялға сені жетелеп...
Орындалмайтын бүгінгі амалым,
Кеудемде арман өте көп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері