Мұңдас – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Мұңдас» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 26.06.2022
  • 0
  • 0
  • 841
Өткен өкініштерім мен
Күйреген бекіністерімді
Ойыма түсіріп
Санам сарсылып,
Ауырып жүрегім, –
Күн жеп, жел жұлып
Әбден қажыған
Кәрі ағаштың
Қасында тұр едім...
О, тоба,
Кенет мен
Тұла бой денеммен! –
Сәт сездім шипалы:
Әлгі кәрі ағаш,
Мұңдасым секілді,
Бұтақтарын иығыма артып,
Жапырақтарымен
Басымнан сипады...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері