Оруларын-ай, соруларын-ай! – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Оруларын-ай, соруларын-ай!» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 26.06.2022
  • 0
  • 0
  • 751
Арбаң-арбаң еткен
Алып өрмекші
Өзінің
Улы сілекейлерімен
Бүкіл елімді
Торлап алды,
Шырмап буып,
Шырғалаңға салып
Сорға малды.
Өрмекшілердің
Жалаңдап тұрған
Алпыс мың өткір
Алмас аяқтарымен
Кез келген жанды
Қылқадан қиып
Оруларын-ай;
Тоғыз мың
Тоқсан тоғыз тұмсықтарымен
Елімнің қанын
Насостай тартып
Солқылдатып
Соруларын-ай!
Оруларын-ай,
Соруларын-ай!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері