Асфальт үстіндегі сурет

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 1031
Бала отыр, қараңдар,
сурет салып ақ бормен.
Көрсiн дей ме адамдар:
Күн мен Өзiн, Анасын
салыпты ол алаңға.
Үстi-басын бор қылып,
«Тыныштық» деп жазыпты
ақ кептердi қондырып.
Әлем үнiн, ел үнiн
жүрегi оның қалаған...
Арқасына Жерiмнiң
жапсырылған плакат —
суретi бар сол алаң.
Жоқ сөзiмде қателiк:
соғыс көрген солдаттың
немересi сол бала.
Жоқ сөзiмде қателiк:
соғыс көрген солдаттың
шөбересi сол бала.
Сол бiр ұяң бал шабыт
қуат құяр тасқындай.
Жатты сурет жар салып
алып Жердiң үстiнде
ашық аспан астында.
Дүниеге алаңдап
қауiп сезер жүрегiм...
Үркiтпеңдер, адамдар,
болашақтың кептерiн —
болашақтың тiлегiн.
Сол кептер мен сол тiлек
ойламаңдар жалқы деп.
Болмасын деп жалқы жыр,
болмасын деп үзiк жыр,
ол тiлек пен ол кептер
миллиоидап үшып жүр.
Кезең қазiр ойланар
айтар ойым, тап шыным...
Планетам айланар
бала салған суреттi
арқасына жапсырып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Асфальт үстіндегі сурет өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Асфальт үстіндегі сурет өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Асфальт үстіндегі сурет өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Асфальт үстіндегі сурет өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері