Өзіне шексіз тартатын қайың – Мағиза Құнапияқызы

Бұл бетте «Өзіне шексіз тартатын қайың» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 13.09.2021
  • 0
  • 0
  • 632
Өзіне шексіз тартатын қайың,
Қайтатын едім жыр тыңдап.
Оспанқан әзіл айтатындайын,
Күлетін бұлақ сылқылдап.

Даланы қаптап кеткен гүлдердің,
Біреуін үзбей өстік біз.
Үзілген гүлді сатып ап сиға,
Тартатын күйге жеттік біз.

Жамылып шексіз көкпеңбек көрпе,
Жантайдым жасыл кілемге.
Жусанның деміне тұншықпағандар,
Даланың қадірін білер ме?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері