Алдың баурап

Бұл бетте «Алдың баурап» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 13.09.2021
  • 0
  • 0
  • 854
Бір сыйқырмен алдың баурап,
Қарлы таудың елігін.
Жан сезімін алдың жаулап,
Құлап кетті көңілім.

Такаппарлық мінез меннен,
Сені көріп жеріді.
Қаталдығым отқа тиген,
Қорғасындай еріді.

Кеттің мүлдем кездескеннен,
Жақын болып жаныма.
Самал болып жеттің бе алде,
Мүлгіп тұрған бағыма.

Бір сағыныш тұр меңдетіп,
Жан едім ғой желіксіз.
Өзің жайлы түнделетіп,
Жыр толғадым еріксіз.

Жазылмаған жырым ба едің,
Айтылмаған ән бе едің?
Сағынбауға, ойламауға,
Жетпей тұр ғой дәрменім!

ҚЫЗ ҒҰМЫРЫМ-ІЗГІ ӨМІРІМ

Қыз ғұмырым-ізгі өмірім,
Сағынармын сені тым.
Сенде жатыр айғақ болып,
Қолға келген жеңісім.

Қыз ғұмырым қалдың кейін,
Мен алысқа ұшқасын.
Ну ормандай шытырмансың,
Шырын түстей қысқасың.

Жүргеннен соң бійік ұстап,
Ар-намысты сендегі.
Үлбіреген бір тал үкі,
Сияқты едім елдегі.

Қыз ғұмырым сенің ғана,
Айбының ғой ол дағы,
Кесе ұсынған жігіттердің,
Діріл қаққан қолдары.

Қыз ғұмырым ойлап тұрсам,
Ол да сенің мәтебең.
Нәзік сырлар,азық жырлар,
Сан жүректі өртеген.

Қиялға еріп үмітпенен,
Кештім тәтті талай мұң.
Сенде бірақ жылап қалған,
Көз жасы бар талайдың.

Қыз ғұмырым мүмкін емес ,
Сені ойлап аһ ұрмау.
Сырға толы ғажап күндер,
Ертегіге жақындау.

Қыз ғұмырым сен жайында ,
Айтылар көп әңгімем.
Жырым барда жұрт алдында,
Бойжеткенмін мәңгі мен!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Алдың баурап өлеңінің авторы кім?

Мағиза Құнапияқызы — осы өлеңнің авторы.

Алдың баурап өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Алдың баурап өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мағиза Құнапияқызы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Алдың баурап өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері