Сезем бәрiн денеммен – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Сезем бәрiн денеммен» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 595
Сезем бәрiн денеммен
жақын маған – бар қашық.
Жатам жалғыз,
әлеммен
жамырасып, жалғасып.
Күлiп, бiрде түнерiп,
тарпып, кейде тулап бiр,
Әр қимылды жүрегiм
лүпiл қағып аулап тұр.
Отырсам да қамалып,
бөлмемде мен түнерген.
Дүниеге қадалып
Құлағымды түрем мен.
Дей ме менi толғасын, –
өн бойынан өткiзiп
дүниенiң ағынын, –
алпыс екi жақпен жатыр жалғасып
алпыс екi тамырым.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері