Музыкалық аспаптар

Бұл бетте «Музыкалық аспаптар» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 1925
Музыкалық аспаптар!
Көшеде, үйде, бар жерде
сөйлеңдер шалқып, асқақтап,
музыкалық аспаптар!
Сөйлеңдер, бұрқа, толғанып.
Бар ауыл, барлық қаладан
жатпастан босқа жан бағып,
сендердi қару-жарақтай
шығайық ендi қолға алып.
Тыңдасын, әлем, тыңдасын!
Әйтеуiр сендер арқылы,
сарқылған өзен қарлығып
қырқылған орман шуласын!
Тар қолтықтан оқ тиiп,
тыпырлап жатқан қан басып, –
шiренген сенiң шегiңнен
жаралы құстар зарласын!
Көзiмнен аққан жас болса
пердеңе сенiң тамшылар...
Бiлемiн сенiң бойыңда
оқтардың тажал зуылы,
қираған қала даусы бар.
Музыкалық аспаптар!
Ұмытып қауiп-қатердi,
жүрмеңдер босқа сайранда.
Табиғат, Адам үшiн деп
шығыңдар күрес, майданға,
музыкалық аспаптар!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Музыкалық аспаптар өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Музыкалық аспаптар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Музыкалық аспаптар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Музыкалық аспаптар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері