Күзгі эфир – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Күзгі эфир» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 664
Сығымда уысыңды
Эфир тұр буырқанып.
Чилиде атып тастаған
тағы бiр рухани
күрескер туысыңды.
Күзгi жел суығынан
қалайша көз iлемiн.
Ширыққан дүниенiң
үндерiн сезiнемiн
сымдардың шуылынан.
Шаң сiлкiп атыраптан
жел соғып жұлқылап тұр.
Эфирдiң шоқтарындай
ұшады бұрқырап бiр
сары ала жапырақтар.
Қалайын неге көрмей
жүректен жырлар күткен, –
сырғыған зырлап ұшып
көгiмде тырна бiткен
сыңсыса жебелердей.
Ап-ауыр қорғасындай
басымда – сұрақ тұнған.
Жаңбырдың тамшылары
эфирде жылап тұрған
негрдiң көз жасындай.
Тас түйiн алқымдағы үн...
Барады қараторғайлар
сабалап қанаттарымен
радио толқындарын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері