Тіл қатады шөптер де – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Тіл қатады шөптер де» атты Абдрахман Асылбек жазған тіл туралы өлең берілген.

  • 22.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1926
Арайланған таңдарда,
Шықшы, қалқам, аңғарға.
Самал желмен тербеліп,
Тіл қатады талдар да.
Қалың нуға кіргенде,
Бұлғақтайды бүрген де.
Желектері жайқалып,
Тіл қатады гүлдер де.
Көзді тартқан көктемде,
Көтерілші көк белге.
Туған жерді түрлентіп,
Тіл қатады шөптер де.
Құлақ түріп тыңдай біл,
Бақыт бар ма мұндай бір:
Туған жердің тамаша
Табиғатын жырлай біл.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері