Таңғы көкек дауысы

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 16.11.2020
  • 0
  • 0
  • 2337
«Ән салып жүрсем болды, жетед» деген,
Қарамай шаранаға секектеген,
Сол құсты қадірледі не себепті,
Жайлау бар туған жерде Көкек деген.

Жер үсті мидай жазық қанаттыға,
(Қоса гөр, қанаты бар санаттыға).
Тәңірдің ықыласы түскен жер ғой,
Көкекті сол жайлауда жаратты ма?!

Тоғайдан алтын жебе шашылатын,
Шұғынық көзге оттай басылатын.
Сауықшыл сол құста бір заңдылық бар:
Шуламай бір ғана құс шақыратын.

Жүйткиді сайда құлын, өрде бөкен,
(Құс үнін ертелі-кеш ермек етем).
Әкемді, балалықты тәңір бізге,
Көруге аз-ақ күнге берген екен.

Тау кербез, жартастарын қына басқан,
Арасы тау мен аспан бір-ақ аттам.
Мерзімі жалға берген біткен күні,
Балалық, әкемді алды…
сұрамастан.

Түбінде керегенің балауса өніп.
Жабдықтан күре жолға қараушы едік.
Сол жердің патшасы – құс, нөкері – аң,
Біз болсақ үш ай қонар жолаушы едік…

Таң сәрі, майда самал бетті үрледі.
Шақырған Көкек үні екпінді еді.
Ұмытып қанатымның жоқ екенін,
Ілесіп Алтай жаққа кеткім келді.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Таңғы көкек дауысы өлеңінің авторы кім?

Мағиза Құнапияқызы — осы өлеңнің авторы.

Таңғы көкек дауысы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Таңғы көкек дауысы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мағиза Құнапияқызы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Таңғы көкек дауысы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері