Өлең, жыр, ақындар

Түлкі – құрылысшы

  • 08.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1141
Бір Арыстан тауықтарды ұнатты;
Кемшілігі болды оның бір ғана:
Ғажап емес бұл жаңа!
Тауығында қора жоқ-тын тұрақты.
Бірде оларды ұрлады,
Қаңғып кетіп, бірде өздері тұрмады.
Бұл шығынға бір әрекет қылғалы,
Ойлады ол соққызсам деп қораны;
Осылайша түзеп алып тірлігін,
Ұрылардың тыйса Арыстан ұрлығын,
Айқын еді бір кеңшілік болары.
Арыстанға біреу хабар береді:
«Түлкі нағыз құрылыстың шебері».
Түлкі іске кірісті,
Жақсы бастап, аяқтады жұмысты.
Әрине, ол тырысты,
Жұмсап күш пен өнерін;
Айналдыра қарап жатыр ел оны.
Не керектің бәрі де бар, қара, бар:
Тауық қонар тұғыр да бар, жем де бар,
Суықтан да, ыстықтан да пана бар,
Жұмыртқаны басатұғын жер де бар.
Тұрды Түлкі атақ-даңққа орана,
Алды және аса қымбат сыйлықты.
Берді Арыстан бұйрықты:
«Барлық тауық көшсін жаңа қораға».
Көшіргенде иесі одан нені ұтты?
Қанша биік болғанымен қақпасы,
Есіктерін қанша мықтап жаппасын,
Тауық санын сағат сайын кемітті.
Күзет қойып Арыстан, ұры кім деп қыстады,
Сонда кімді ұстады? –
Зұлым Түлкі – ұстаны.
Ешкім сия қоймастай қып есікті,
Жасапты да ол, қабырғаны тесіпті,
Өзі кіріп жүретұғын тұста бір.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Мейрамхана – «Ажар ана»

  • 0
  • 0

Салтанатты, сәулетті, сайран қала,
«Ажар ана» алдыңда – мейрамхана.
Жауын алар көзіңнің түрлі тағам,
Алдыңа кең дастарқан жайған жаңа.

Толық

Демалыс

  • 0
  • 0

Аң патшасы Арыстан
Бір-бірімен алысқан
Аңдар үшін барлық
Шығарды жарлық:

Толық

Әдепті бала

  • 0
  • 2

Мені үлкендер әдепті деп мақтайды,
Мінезімнен теріс қылық таппайды.
Ал, егер сен жалқау болсаң тілазар,
Ондай әдет жақсылыққа жатпайды.

Толық

Қарап көріңіз