Өлең, жыр, ақындар

Өсекші мен жылан

  • 08.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1746
Жындар мүлдем білмейді деп шындықты,
Бостан-босқа айтып жүр ел сұмдықты,
Расында олай емес бұл тіпті:
Бір мысалды келтірейін, дәл ұққын,
Салтанатты қапасында тамұқтың
Өсекші мен Жылан кез боп қалыпты.
Кімі бұрын кіретіні туралы
Олар шулады.
Кім досына қастық қылса үнемі,
Бұрынырақ тамұққа сол кіреді,
Әрі онда құрметті боп жүреді,
Қызып алған үлкен даудың дуымен
Өсекші сол түрімен
Қарсы тұрды тілімен.
Ал, Жыланың мақтанды өз уымен;
Содан кейін ысылдады ол зорлана,
Алға түсіп кепек болып жорғалап.
Деген сәтте Өсекші артта аттады,
Жын басы кеп кезінде,
Жақын тартып Өсекшіні өзіне,
Жақтады,
Жыланды артқа ысырды.
Деді: «Сенің білсем де еңбек, күшіңді,
Біріншілік оған тиіс, түсінгін,
Сен зұлымсың – уың өлім шүбәсіз,
Қауіптісің жақын жерден шошытқан.
Шағып жүрсің талайларды кінәсіз,
Бірақ, улай аласың ба қашықтан?
Өсекшінің тілі сынды шашып қан?
Одан ешкім құтылмас, талай таудан өтсе де,
Теңіз жүзіп кетсе де.
Демек, одан емессің сен зиянды,
Ұмыт енді озам деген қиялды».



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сиқырлы сыбызғы

  • 0
  • 0

Ертеде бір талапты –
Жетім бала болыпты.
Аралап бар алапты,
Ақыл-оймен шолыпты.

Толық

Бір құрбыға

  • 0
  • 0

Көріп ек кермаралдай қыз күніңді,
Қырқысып жігіт біткен жүз жүгірді.
Қайрылмай кете бердің біріне де,
Қалайша ұмытайық біз мұныңды.

Толық

Сенім

  • 0
  • 0

Алла адамға пәнилік өмір берді,
Өмір берді – сөнбейтін сенім берді.
Ол сенімі – Алланы бір деп білу,
Шетсіз, шексіз ғаламды нұр деп білу.

Толық

Қарап көріңіз