Өлең, жыр, ақындар

Қырғыз (Қазақ) АКСР-нің құрылуы

Б. Бегалиев атындағы жалпы орта мектебі
Тарих пәнінің мұғалімі:​ Утебаева Гүлжүзім Сансызбайқызы​ 

Білім беру ұйымының атауы

Бегалиев мектебі

Пәні:

Қазақстан тарихы

Бөлім:

Қазақстанда кеңестік биліктің орнығуы

Педагогтің аты-жөні:

Утебаева Г. Г.

Күні:

 

Сынып: 8 «а»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Қырғыз (Қазақ) АКСР-нің құрылуы

Зерттеу сұрағы: Қазақ Автономиялық Кеңестік Республикасы құрылуының тарихи маңызы неде?

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

8.3.1.6 Қазақстанда құрылған ұлттық автономиялардың маңыздылығына баға беру;

8.1.2.1 қазақ зиялыларының қоғамдағы рөлі мен қызметін талдау.

 Сабақтың  мақсаты

Қазақстандағы ұлттық автономия құрылу маңыздылығын түсіну.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі//уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру

 Өзін-өзі тексеру

 

 

 

Өткен білімді еске түсіру

 

Психологиялық трининг: - «Мен ғажайып...» - оқушылардың өз бойындағы жақсы қасиеттерін дәріптеу жаттығуы. (Мен ғажайып суретшімін)

Алдыңғы білім: «Қазақстандағы ұлттық автономиялар»

Жылдар сыр шертеді:

1. 1917 жылы 15-22 қараша-Түркістан өлкелік солдат, жұмысшы және шаруа, қырғыз және мұсылман депутаттарының 3 съезі өтті. Онда Түркістан өлкесінің ХКК сайланды.

2. 1917 жылғы 26-29 қараша Қоқанда ІҮ төтенше жалпымұсылмандық съезд шақырылды. Онда Түркістан автономиясы жарияланды.

3. 1918 ж.қаңтар-наурыз айлары-Түркістан аумағының басым бөлігінде большевиктер кеңестер бөлімдерін құрды.

4. 1918 ж 20 сәуір-1 мамыр- Ташкентте Кеңестердің 5 өлкелік съезі өтті. Түркістан АКСР і құрылды.

5. 1917 ж.5-13 желтоқсан-ІІ Бүкілқазақтық съезд өтіп, Алашорда автономиясы құрылды.

6. 1917 ж.30 қазаны-ең алғаш Кеңес үкіметі Перовск қаласында орнады.

7. 1913-1918 жылдар- «Қазақ» газеті басылып шыққан жылдар.

8. 1918-1920 жылдар-Азамат соғысының жылдары.

Оқушылар өз ойларын ортаға салады.

Оқушылар жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу

 

мадақтау

Тақырып

тық суреттер

Жаңа білім

 

 

 

Жаңа тақырыпқа өту: «Онлайн мектеп» флатформасының тақырыпқа қатысты бейнебаяны арқылы жаңа тақырыпқа өту

жұмысы жүргізіледі.

Сабақта қолданылатын негізгі терминдер:

Қызревком-1919 ж.10 шілдеде құрылған Қырғыз өлкесін басқару жөніндегі революциялық комитет.

Қырғыз АКСР-1920 жылы 26 тамызда Қырғыз Автономиялы Кеңестік Социолистік Республикасы құрылды.

Депутат-еңбекшілер депутаттары кеңесіне сайланған өкіл.

Декларация (лат. declaratio - мәлімдеу, хабарлау) — мемлекеттер белгілі бір түрде әрекет етуге келіскен құжат.

Съезд – қоғамдық ұйым, саяси партия не әлеуметтік, кәсіптік, ұлттық және өзге де топ өкілдерінің (делегаттарының) жиналысы. Ұйым немесе партия съезіне қатысушылар (делегаттар) олардың аумақтық бөлімшелері мүшелерінің жиналыстарында сайланады және оларға съезде өз сайлаушыларының атынан өкілдік ету құқығы беріледі.

1-тапсырма. Оқулықтағы мәтінді пайдалана отырып, кестені толтырыңыз:

1 топ: «Фишбоун» тәсілі арқылы Қырғыз (Қазақ) өлкесін басқару жөніндегі  революциялық комитеттің құруылын талдаңыз.

2 топ: «FILA» кестесі тәсілі арқылы Қазақ АКСР нің құрылуының маңыздылығын анықтаңыз.

3 топ: «5 R маңыздылық кестесі» әдісі арқылы Қырғыз (Қазақ)АКСР еңбекшілері құқықтарының Декларациясын қабылдануы мен мазмұнын талдаңыз.

 

2-тапсырма: Жұптық жұмыс.

1 тапсырма: «Жылдар сыр шертеді» хронологиялық кестені сәйкестендіріңіз.

2 тапсырма: Кестеде берілген мәліметтерді пайдалана отырып,

тарихи тұлғаны анықтаңыз.

Әдісі: Тұлғаны таны

3-тапсырма: «Картамен жұмыс».Қазақ АКСР нің алғашқы астанасын атаңыз және картадан белгілеңіз?

Қазақ АКСР нің екінші астанасын атаңыз және картадан белгілеңіз?

Қазақ АКСР нің үшінші астанасын атаңыз және картадан белгілеңіз?

Алашорда автономиясының орталығын белгілеңіз?

4-тапсырма: Қазақ АКСР-і мен тәуелсіз Қазақстан Республикасын салыстыру кестесіне түсіріңіз

Қалыптастырушы бағалау.

1.    Қазревкомның бірінші құрамында болған тұлғалар кімдер?

2.    Қазақ АКСР деп аталған мерзім

3.    Қазақ АКСР Құрылтай съезіне Алтай губерниясының қазақтарынан неше делегат қатысты?

4.    Қазревком комитетінде хатшы қызметін атқарған:

5.    Қазақ АКСР құрамына кірген 4 облыс:

6.    Қазақ АКСР тұсында қазақ жері жер көлемінен Ресейдің неше пайызын иемденді?

7.    Ұлттық аумақтық межелеу тұсында Ташкент қаласы қай республиканың құрамына енгізілді:

Мәтінмен жұмыс

 

 

 

Мәтіннен негізгі идеяны анықтайды

 

 

Дескриптор:

 

Декрет пен Декларацияның туралы анықтайды;

 

 

Қазақ Автономиялық кеңестік Республикасы құрылуына белсене атсалысқан ұлт зиялылары туралы сипаттайды;

 

 

 

 

 

 

 

Дескриптор:

Қазақ АКСР-дің территориясын, астанасын кескін картадан анықтайды

Қазіргі Қазақстан мен Қазақ АКСР-нің карталарын салыстырып, территориялық өзгерістері мен сабақтастығын ажыратады

 

«Қырғыз» атауының «қазақ» атауына ауыстырылған қаулысын оқытып, қаулының маңыздылығын анықтайды

 

 

 

 

 

 

ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады

 

 

«Ең үздік жауап»

 

 

 

 

«Алақан-жұдырық»

 

 

 

 

«Жұлдызшалар»

 

 

 

Б. Ғ. Аяған, Х. М. Әбжанов, Д. А. Махат.

Омарбеков Т. Қазақстан тарихының XX ғ. Өзекті мәселелері. Өнер, 2014

Қозыбаев М. Ақтаңдақтар ақиқаты. Қазақ университеті, 1992

Қойгелдиев М.Қ,, Омарбеков Т. Тарих тағылымы не дейді?. Ана тілі, 1993

Бейнефильмнен үзінді:  https://www.youtube.com/watch?v=2IgSQEMzmSI

Карта, кескін карта

Қазақстанның қазіргі заман тарихы. Хрестоматия: Жалпы білім беретін мектептің 9 сыныбына арналған оқу құралы/ Құрастырған Б.Аяған. Алматы, Атамұра

Бекіту

 

Сабақты қорытындылау

Қазақ Кеңестік автономиясы құрылуының тарихи маңызы неде?»

Үйге тапсырма

газетке мақала жазу

Сабақтың тақырыбын қорытындылау

«Ең үздік жауап»

Ақпараттық карточка

 

Кері байланыс

Білемін

Білдім

Білгім келеді

 

 

 

Тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін жазады

Оқушылар бағалай критерийлерімен  өз деңгейлерін  бағалайды

 

А4, конспект

 

 


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз