Төле бидің толғауы – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Төле бидің толғауы» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 27.07.2019
  • 0
  • 0
  • 13261
Әнін жазған Жоламан Тұрынбаев

Билікке келіп бас ұрса,
Турасын айтқан Төле едім.
Ағайын жігі ашылса,
Татулы етсем деп едім.
Қиқулы жауды қайырған,
Еңселі биік ел едім.
Құшағы досқа жайылған,
Даладай дархан кең едім!

Қайырмасы:
Қазағым, халқым – қалқаным,
Сауыкшыл, дана, дарханым.
Береке, бірлік, достықпен,
Арайлап атсын әр таңың!

Астыңа берсе алтын тақ,
Еліңнің саған сенгені.
Баста деп көшті жарқылдап,
Қолыңа тізгін бергені.
Асырса атақ, даңқыңды,
Ұрпақтың өсіп өнгені.
Таныса әлем халқымды,
Бақытты күннің жеткені!

Қайырмасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері