Ана тілім – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Ана тілім» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 22.07.2019
  • 0
  • 1
  • 6232
Ана тілін білмесең,
Қадірлісің кімге сен?
Өзге тілге шырмалып,
Адасасың бірге сен.
Ана тілін білмесең,
Қадірлісің кімге сен?
Өз ұлтыңды ұмытып,
Жоғаласың мүлде сен.
Ана тілім – тіл десең,
Ана тілім – пір десең,
Тарихыңмен танысып,
Есейесің күнде сен.
Ана тілім – тіл десең,
Ана тілім – пір десең,
Асқақтатып ел даңқын,
Қол созасың күнге сен!


Пікірлер (1)

Дана

Патриоттық сезімді оятатын мықты өлең екен. ✊Өте ұнайды. Атамызға шексіз алғыс ❤️

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері