Ауылға асықтым
Тентек ұлдай тұратын жиі ысқырып,
Желге сәлем аитсам ба қыйыстырып.
Туған мекен қайыңның жапырағына,
Тұрғым келді бетімді түйістіріп.
Түйістіріп тұрсам мен беттерімді,
Жеткізсем сағынумен өткенімді.
Жазғыратын шығар-ау жапырақтар,
Көптен бері оралмай аеткенімді.
Жапырақта шық тұрса көзімде де,
Ерік берсем жырға да сезімге де.
Ұшқалақ жел ауылға жайды келіп,
Дейме қайың келмедің өзің неге?!
Өмір сендей пәк емес қайың ,қайың,
Ессіе желдер қай бірін уайымдайын.
Сағыныштан риясыз туындаған,
Ақ балтырлы жырымды дайындайын.
Кейде тірлік кетеді тұсап бәрін,
Жоқ нәрсеге келмейді ұсақтағым.
Деген шақта қайыңның бұтақтары,
Маған қарай жаяр ма құшақтарын?
Ауылға асықтым.
- Конфуций
- Конфуций
- Эдвард Дж. Стиглиц
- Нельсон Мандела
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі