Қожабақы мектебі – Ғабиден Қожахмет

Бұл бетте «Қожабақы мектебі» атты Ғабиден Қожахмет жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 1
  • 12742
Бойында ұлылықтың жатқан ізі,
Келешек ғасырға да мақтан - ісі.
Шуақты, шежірелі тарихы бар
Мектебім - ауылымның мақтанышы.

Сырға толы өткені,
Ізгіліктің көктемі.
Білімге кең жол ашқан -
Қожабақы мектебі.

Шашқызып шәкіртіне жүрек кенін,
Оятқан ізгілікке жүректерін.
Бұл күнде ел біледі, құрметтейді
Мектептің мақтанышы - Түлектерін.

Білімнің бағалаған нарқын ұям,
Сақтаған дәстүрлерін, салтын ұям.
Болашақ ғасырларға шуақ шашып,
Жайнай бер мәңгілікке, алтын ұям!


Пікірлер (1)

Динара Пулатова

Маған бұл өлең ұнады . Өте мағыналы жазған.

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері