Іштен шыққан шұбар жылан – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Іштен шыққан шұбар жылан» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 26.09.2021
  • 0
  • 0
  • 2024
Бір Алланың пәрменінде адамзатты аздырса,
Пендесіне жараспайды жаратқанды жазғырса.
Іштен шыққан шұбар жылан шағып туған шешесін,
Ит қабады өз иесін сары сайтан азғырса.
Буына мас бейшаралар ақша менен алтынның,
Құтырына күл шашады аруағына халқымның.
Шолтаңдаған шолақ қайық шамдандырса теңізді,
Қаһарына ұшырайды құдіретті толқынның.
Аспан жерге құламаса аударылып бұл жалған,
Сасық шошқа қырға шықпас өз боғына былғанған.
Болашақтың қиып түсер қылышынан құтылмас
Құнсыздардың қара басы қалтасына құл болған...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері