Құзырлылардың қылығы, пай-пай, сананы – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Құзырлылардың қылығы, пай-пай, сананы» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 08.08.2021
  • 0
  • 0
  • 582
Құзырлылардың қылығы, пай-пай, сананы
Солдырып мынау өмірге үйді наланы
Өзі аспанда, жердегі сорды ұжмақ деп...
Мейірімсіздік басты байлыққа бөккен даланы.
Естідік пай-пай естідік талай сұмдықты
«Хабар» арнасы-ақ жеткізді талай шындықты...
Әкесін атып, сәбиін көміп қоқысқа
Ұлың мен қызың мынау қоғамды пір тұтты.
Көбейді-ау тек құлқынын қарақтаған
Құлармын демей орға жар аттаған.
Ұлтының ақ бетіне қара дақ боп
Құрбан ғып адам атын ар аттаған.
Санаулы сараласаң санатта адам,
Баю боп бар ынтасы жалақтаған,
Сенгенім қорғайды деп өзі тонап...
Қылығы ар-ұжданды шабақтаған.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері