Бейімбет туралы – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Бейімбет туралы» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2808
— Мүмкін үкім оқылды,
Уақыт шіркін біткенде,
Жүреді оған қай өкпе,
Деп бір ауыл отырды
Жолаушысын күткендей
Алыстағы Әйетте .
Аяқталмай жыр бітті,
Ауыл талай жыл күтті,
Өтті күндер тоқтаусыз,
Өшті үндер жоқтаусыз.
Ал жолаушы дерексіз,
Өгей жандай керексіз,
Басқан ізі білінбей
Жоқ боп кетті себепсіз,
Ешкім оны білген жоқ,
Жұлдызды түн көрген жоқ,
Күндізді күн көрген жоқ,
Ешкім оны білген жоқ.
Ал жолаушы ақыры
Сол кеткеннен қайтқан жоқ,
Болды елінің «жат ұлы»
Күйін ешкім тартқан жоқ,
Жырын ешкім айтқан жоқ.
* * *
Өтті қыстар боранды,
Өтті күздер мұнартып.
Ал жолаушы оралды
Жазы туып қайтадан
Елін қайта қуантып.
Қайта оның таңы атты,
Қайта оған күлді арман.
Сол жолаушы ала атты
Шықты өлмей жылдардан.
Көргенім жоқ өлеңге
Оның жүзін кейін кеп.
«Би аға» дер оны елде
Жолаушым — Майлин Бейімбет.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бейімбет туралы өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Бейімбет туралы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бейімбет туралы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бейімбет туралы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері