Тісін қағып – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Тісін қағып» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 08.08.2021
  • 0
  • 0
  • 545
Тісін қағып,
Тікенін алып,
Жинақ бердім жаңадан
Цензурасыз құқықты елміз
Десем,
Нанар ма жан адам.
Жалтағым жоқ
Жанмын деуші ем,
Адал туған анадан
Пенде болдым
Уақытқа
Сансыраған санадан.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері