Өлең, жыр, ақындар

Экспромттар

  • 27.09.2021
  • 0
  • 0
  • 733
1
Мыңқыл қақты-ау мынауың
жинақ болып шыққанда.
Тұмсығының тұмауы
өлеңіне жұққан ба?!
Иықтасып бір ермен
бүгін де ішіп кетулі.
Шашын жайып жіберген
долы қатын секілді.
Биік — ақын жағасы,
балақтан ал, күшігім.
...Мынауыңды, ағасы,
ең алдымен кісі қыл.
Мен өзіңдей мықты емен
бұлбұл жасар шымшықты...
Бір түртіп ем нүктемен —
"омай" деген үн шықты.

2
Жүргем мен де көрінгенге қол жайып,
байқа, жырым, мақтанғандай болмайық.
Қара қызға ғашық болып бір күні
қасіретінен кетіп едім сарғайып.
Мына баспен көпті көрген, көп білген
құтылмадым, тағдыр, сенің тепкіңнен.
Күйдім бір күн сары қыздың отына,
содан бері қап-қара боп кеттім мен.

3
Саған жігіт жетер ме деп қояды,
досың сені бекер демеп қояды.
Қайрап-қайрап бір қаттыға саларда
балтасың деп көтермелеп қояды.
Балта болсаң неге бұлай ұстайды?
Ұрғаныңнан ұшқын неге ұшпайды?
Қайрап-қайрап сені достар, о, қорлық,
кей күндері... қарындашын ұштайды.

4
Жұрттан артық, және тең —
дәнің бе бұл, көктемім?
Қоңырқайлау жан екен
дән секілді моп-момын.
Көп гүл өсті далаға —
көбін мақтап бітірдік,
Қанағат, жұрт, қанағат,
ей, шүкірлік, шүкірлік!
Көкте, қалқам, гүлде қыз,
ендігі ісің — Хаққа ауған..
Күндесеңіз күндеңіз,
күндеу артық мақтаудан.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

О, ғажайып!...

  • 0
  • 0

О, ғажайып!
Мына күннің қызуына жылынып,
Көкірегімде көбейеді күннен-күнге бұл үміт.
Сол бір үміт Отаныма сүйене кеп туады,

Толық

Таулар мен төбелер

  • 0
  • 0

Таулар тұр асқақ,
Осынау дала, мына алап
Тұрғанда аман талай тауларды туар-ақ.
О, титтей менің төбешіктерім, не керек,

Толық

Партия

  • 0
  • 0

Ал, партия, сенің күнің бұл туған,
Өз толқының өзенімде бұлқынған.
Сүйемін мен, сүйемін мен өзіңді
Адам үшін – алға ғана ұмтылған.

Толық