Қора толды – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Қора толды» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 26.09.2021
  • 0
  • 0
  • 784
Қора толды шартық пенен шатаға,
Қыста туған арамзаны атама!
Қотан жұтап – қозы ермеді саулыққа,
Қошқар біткен қырылғандай, о, тоба!
Тұқымы азды қасқа менен төбелдің,
Тозған ұрпақ қарымтасын төлер кім?
Әлдеқашан өткен бабам тіріліп,
Менен жауап сұрай қалса не дермін?..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері