Құлпырғанмен кең жаһан – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Құлпырғанмен кең жаһан» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 26.09.2021
  • 0
  • 0
  • 732
Құлпырғанмен кең жаһанның жамыраған гүл бағы,
Шешілер ме түйінделген шым­шытырық жұмбағы?
Сәби ғұмыр өксігіне құлақ түрмес көк аспан,
Жұбатпаса жылағанды қара жердің құндағы.
Шыңырауға шын батырса қараңғылық зынданы –
Көлеңкенің қоюланып, қас қарайып тынғаны.
Түн күзеткен періштенің кірпігінің талғаны –
Таң сарғая жұлдыздардың көзін ашып­жұмғаны.
Тыным алған тіршіліктің төсегінен тұрғаны –
Айғай­шудан құдіреттің құлағының тұнғаны.
Күн мен түннің шұғыласына алма­кезек шомылған
Жан иесі байыз таппас байланғанша тіл­жағы.
Бөлемесе рахатқа бейіш нұры ондағы,
Зая кетер Жаратқанға жалынғаның мұндағы.
Пешенеңе жазылмаса Алла разы қылмағы,
Күнің қараң қурап ұшқан жапырақтай жылдағы.
Гүл қайғырмас үлбіреген көбелектің қанатын
Жұлып түссе қызыл тікен – қызғаныштың тырнағы.
Шөлдегенін елең қылмас сексеуілдің құмдағы,
Қысы­жазы жайнап тұрған жасыл шырша шыңдағы.
Тиянақсыз дүниенің түпсіз сыры таусылмас,
Соза берсем сүріндірмес сүрлеуге сап жырдағы.
Оянбаса ұйқыдағы ғасырлардың мұң­зары,
Шыға қоймас шіріп қалған дәруіштің құмғаны.
Шыңылдайды шыңырауда шөгіп жатқан қара тас,
Қасиетті атақоныс күңіренсе қырдағы...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері