Қарауыл төбе – Cырбай Мәуленов

Бұл бетте «Қарауыл төбе» атты Cырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 1
  • 7219
Шыққан ерлер бұл төбеге
Батырлықтың жалауын ап,
Шыққан ерлер бұл төбеге
Төңіректі қарауылдап.
Биігінен көрінеді
Сыр бойының әр адыры.
Сондықтан да осы төбе
Атанған жер қарауылы.
* * *
Сүйдім сені, сүйдім сені беріліп,
Сүйдім сені көз жасыммен егіліп.
Сүйдім сені таңғы самал жел болып,
Сүйдім сені тамшы болып төгіліп.
Сүйдім үнсіз қап-қараңғы аспандай,
Сүйдім тілсіз, қатып қалған тастардай.
Сүйдім бұлттай мең-зең болып сіресіп,
Тұрып қалған көздерінен жас тамбай.
Сүйдім сені жаңбыр күткен даладай,
Сүйдім сені ұлын күткен анадай.
Ертелі-кеш көк теңізге телміріп,
Сүйдім сені толқын күткен жағадай.


Пікірлер (1)

Ануар

Спасибо очень помогло

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері