Сағындым – Cырбай Мәуленов

Бұл бетте «Сағындым» атты Cырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 2
  • 8407
Жазық дала жасыл нулы,
Белдеріңді сағындым.
Жәрменкедей жазғытұрғы,
Көлдеріңді сағындым.
Аралайтын емін-еркін
Үйлерімді сағындым.
Қазақ шалы, тартқан сенің
Күйлеріңді сағындым.
1942. Волхов майданы
* * *
Соғыста бір-ақ заң бар мен білетін,
Я өліп, я болмаса өлтіретін.
Жүректе жұлдызыңды жанып тұрған,
Жандыратын, болмаса сөндіретін.
Соғыста бір-ақ заң бар мен білетін,
Кеудеңмен қорғап қалу жердің бетін.
Жас қаның туған жерде босқа ақпасын,
Онсыз сен көре алмайсың елдің бетін.
1942. Волхов майданы


Пікірлер (2)

Аружан

Керемет

Ерсин

Керемет

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері