Жүз жыл бақты болсаң да – Шәкәрім Құдайбердіұлы

Бұл бетте «Жүз жыл бақты болсаң да» атты Шәкәрім Құдайбердіұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 14.04.2015
  • 2
  • 1
  • 11834
Жүз жыл бақты болсаң да,
Әлемнен асып толсаң да,
Алтын таққа қонсаң да,
Айрылған күнi – бiр кейiс.

Жүз жыл азап тартсаң да,
Аш-жалаңаш қатсаң да,
Абақтыда жатсаң да,
Құтылған күнi ол – бейiс.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері