Баура сен – Мағиза Құнапияқызы

Бұл бетте «Баура сен» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 13.09.2021
  • 0
  • 0
  • 517
Сен мені ұғып үлгергеніңше,
Мен ұшып кеттім қыратқа.
Сыр айттым күйдің күмбірлерінше,
Аңғармай қалдың бірақ та.

Қырытқа келіп көз салғаныңща,
Мен кеттім тағы тауға асып.
Ойлатпай қойды өз талғамымша,
Сезім мен арым дауласып.

Жас қайың сынды тапжылмас дедің,
Бас иіп тұрар тауға әсем.
Ойлаудан сені болдырмас адім,
Сезімталдығыңмен баура сен!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері