Сезіп тұрмын – Мағиза Құнапияқызы

Бұл бетте «Сезіп тұрмын» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 13.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1877
Біреулер өнеріңді сөз етіпті,
Біреулер өлеңімді сөз етіпті.
Бәрін қойшы біз бірге жүрген кездер,
Көзді ашып жұмғандай тез өтіпті.

Ғайыптан мен өзіңді кезіктірдім,
Кезіктің де өзіңе еліктірдің.
Қармаған толқын болып құлашыңа,
Тал болып құларымды сезіп тұрмын.

Біздерді қауыштырған тұнық арман,
Келер күндер күтіп тұр күліп алдан.
Сенің сол лапылдаған құшағыңда,
Мен қалай жанып кетпей тірі қалғам!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері