Қыз сүю – Сұлтанмахмұт Торайғыров

Бұл бетте «Қыз сүю» атты Сұлтанмахмұт Торайғыров жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 19.04.2015
  • 1
  • 3
  • 15265
Қыз десе әркім кетер қызуланып,
Көңілге әлдеқайдан от кеп жанып.
Ең арты аппақ қу бас шалдар-дағы
Қояды бір қиқаңдап құшырланып.
Дүниеде жан саясы қыз дейсің ғой,
Құмартып құлқың құрып іздейсің ғой.
Мылқау, кеще, таз, тазша болсаң-дағы
Қыз тимес деп күдерді үзбейсің ғой.
Қыз сондай сен іздеген сұлу болса,
Көргенде құмарланып кеудең толса,
Алмас қылыш жүзіндей аударылып,
Көлеңкесі көңіліңе барып қонса.
Бойы тік, сын-сымбаты түзік болса,
Саусағы сылдыраған жүзік болса.
Екі беті үлбіреп, көзі жайнап,
Белдері тартқан сымдай нәзік болса.
Өн бойың қарағанда ду-ду етсе,
Сыртың қысылып, тұншығып ішің күйсе.
Ал сонда асыла кетіп, бұраң етіп,
Қайтер едің, жігітім, қолға тисе?


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (3)

ҰЛМЕКЕН

МАҒАН сұлтанмахмұт ТОРАИҒҰРЫПТЫҢ ӨЛЕҢДЕРІ ҰНАИДЫ ӘСІРЕСЕ ӨМІРДІ ҮЗІП АЛУЫ ӨЛЕНІ ҚАТТЫ ҰНАИДЫ

Жантөре

Маған да Сұлтанмахмұд өлеңдері ұнайды.

Жантөре

Мағада ұнады

Осы автордың басқа өлеңдері