Мәңгілік жыр жазайық – Мағиза Құнапияқызы

Бұл бетте «Мәңгілік жыр жазайық» атты Мағиза Құнапияқызы жазған поэзия туралы өлең берілген.

  • 13.09.2021
  • 0
  • 0
  • 674
Бірге жүрген күндердің,
Сағаттары жүйрік пе!
Әміріне жүректің,
Айта алмайсың билік те.

Сен қаймығып қаласың,
Мұңға бейім ой кешсем.
Кейде аң-таң боласың,
Өз –өзімнен сөйлесем.

Біздер жайлы сырлардың,
Қаймақтары бұзылмай.
Жүрген едік, қап қойды,
Көп өрнектер сызылмай.

Жирманың жылдары,
Бара жатыр азайып.
Қас-қағымдық сәттерден,
Мәңгілік жыр жазайық!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері